Тоқаев Швеция Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Швеция Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Швеция Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XVI Карл Густавты Швеция Корольдігінің Ұлттық күнімен құттықтады.

"Біз Швециямен арадағы қалыптасқан серіктестік қатынастарды жоғары бағалаймыз әрі достас екі елдің игілігі жолындағы байланыстарды тереңдетуге ниеттіміз. Осынау айтулы мереке күні Сізге бақ-береке тілеймін және Швеция халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдіремін", – деп жазылған жеделхатта.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова