Мемлекет басшысы Швеция королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев хатта аталған елдің орнықты даму, инновацияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағыттарында тамаша табысқа қол жеткізгенін атап өткен.
Сондай-ақ, Президент жоғары деңгейдегі Қазақстан-Швеция қарым-қатынасы қос халықтың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Швеция Ккоролі XVI Карл Густавқа және достас швед халқына құт-береке тіледі.
Анықтама: Швецияның Ұлттық күні 6 маусымда 1523 жылы тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаған король Густав Вазаның сайлануы мен 1809 жылғы конституцияның қабылдануы құрметіне орай атап өтіледі. Бұл мереке тек 2005 жылы ресми демалыс күні болып жарияланды. Бұл күні корольдің отбасы дәстүрлі түрде Скансен этнографиялық мұражайына барады, тұрғындар табиғат аясында пикник ұйымдастырады, ал қалалық ратушаларда (әкімдіктерде) елдің жаңа азаматтарына салтанатты түрде құрмет көрсетіледі.
Бұдан екі ай бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция королі Карл XVI Густавты 80 жылдық мерейтойымен құттықтаған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!