- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев "шошқа етін"...
Тоқаев "шошқа етін" сағынғанын айтқаны рас па?
Әлеуметтік желіде Қасым-Жомарт Тоқаев шошқа етінен жасалған тағамды жақсы көретінін айтқаны, енді бірінде "пісірілген шошқа етін" жақсы көретінін мойындағаны туралы ақпарат тарады. Жазба авторлары мен Желі қолданушылары қажылық жасаған және мешітке баратын мемлекет басшысының дінге адалдығына күмәнданады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Factcheck.kz-ке сілтеме жасап.
"Тоқаев Қытайдың CCTV арнасына берген сұхбатында қытай тағамдарын, соның ішінде хуэй го роу тағамын (回鍋肉-қыт. - қайта пісірілген ет) сағынғанын айтқан. Бұл тамақ түрі көбінесе шошқа етінен жасалады.
Президент ислам заңдарын бұзды ма деген оқырман сұрағына нақты жауап бере алмаймыз", - делінген хабарламада.
Ашық дереккөздердегі ақпараттар келесі сұрақтарға жауап бере алмайды:
- Қазір Тоқаев шынымен шошқа етін тұтына ма?
- Қазақстан Президенті Қытайда жұмыс істеген 1983-1991 жылдары аралығында исламды ұстанды ма?
- Тоқаев бүгінде ислам дінін ұстана ма?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат барысында Leaders Talk бағдарламасының жүргізушісінің сұрақтарына жауап берген. Телеарна сұхбаттың толық нұсқасын YouTube-арнасында 13 мамырда жариялады.
Әңгіменің көп бөлігі ағылшын тілінде өтеді, Тоқаев Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық туралы айтқан. 31 минуттық видеоның 27-минутында ғана екеуі қытай тілінде сөйлесе бастайды.
Журналист 28:37-секундында Тоқаевтан "Қытайдың несін көбірек қаттырақ сағындыңыз?" деп сұрайды. Тоқаев оған "Көп нәрсені, қытай тағамын, мәдениетін және қытайларды сағындым" деп жауап береді. Бұдан соң журналист Тоқаевтан нақты қай тағамдарды қаттырақ сағынғанын айтуын өтінеді, Тоқаев оған "Қайта пісірілген ет, пекинде дайындалатын үйрек және дандан лапшасы" дейді.
Хуэй го роу деп оқылатын Қытайдың "回鍋肉" тағамын көптеген ағылшын және орыс тіліндегі дереккөз "екі рет пісірілген шошқа еті" не "қайта пісірілген шошқа еті" деп атайды. Google мен deepl.com аудармашыларына толық салсақ, "Пісірілген шошқа еті" деп аударады. Тоқаев "Екі рет пісірілген шошқа еті" деп жауап берді деген ақпарат осыдан тараса керек. Бірақ Яндекс пен Microsoft аудармашылары "құмырадағы етке қайта оралу" деген нәтиже көрсетеді. Екіншісінің мағынасы сөз тіркесінің сөзбе-сөз "қайта пісірілген ет" деп аударылатын мағынасына жақын.
Иеорглифтерді бөлек аударғанда 回 таңбасы сын есім ретінде "ептілік" дегенді білдіреді, көмекші етістік ретінде "неше рет" екенін көрсету үшін қолданылады, ал етістік ретінде "қайту", "айналу", "бұрылу" дегенді білдіреді. Екінші таңба - 鍋 - "қазан", "кесе" немесе "қуырғыш таба" дегенді білдіреді. Ал 肉 "ет" деп аударылады.
Шошқа еті сөзінің өзі жеке иероглифтерде кездеспейді, ал тағамның атауы "екі рет пісірілген шошқа еті" деп аударылады, өйткені шошқа еті тамақ дайындауда жиі қолданылады. Бүгінде тағамды еттің басқа түрлерімен я вегетариандық стильде дайындауы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек