Қасым-Жомарт Тоқаев ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған концертті тамашалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль сыйлығының лауреаты, қазақ руханиятының аса көрнекті өкілі, белгілі ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған кешке барды.
Концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен ақынның "Айналдым сенен, Атамекен-ай", "Сәлем саған, туған ел", "Аяулым", "Домбыра туралы баллада", "Өкінбе сен", "Өмір-өзен", "Сағындым сағым жылдар", "Дос керек", "Сарыарқа" және тағы басқа өлеңдеріне жазылған, халық сүйіспеншілігіне бөленген әндер орындалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!