Тоқаев Шолпан-Атаға барды

Мемлекет басшысы Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – президент әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен 31 шілде - 1 тамыз күндері Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға сапармен баратыны хабарланды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!