Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасары - ҚАЖК төрағасын тағайындады

Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасары - ҚАЖК төрағасын тағайындады
Фото: gov.kz

Абай Қайырбеков Ішкі істер министрінің орынбасары - Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Абай Серікұлы Қайырбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды", - деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Абай Қайырбеков туралы не белгілі?

1975 жылы 29 мамырда Қарағанды облысында дүниеге келген. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, 2002 жылы бітірген Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

1998 жылдан бастап Ішкі істер органдарында қызмет етеді. Кейін ҚР ІІМ ведомстволарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2011 жылдан бастап ІІМ орталық аппаратында басшылық қызметтер атқарды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget