- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Сейдахмет Құттықадамның...
Тоқаев Сейдахмет Құттықадамның отбасына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист, ғалым, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.
"Сейдахмет Рысқожаұлы ұзақ жылдар ұлттық ғылымның, отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Айналасына сыйлы азаматтық болмысымен баршаның зор құрметіне бөленген Сейдахмет Рысқожаұлының жарқын бейнесі оны білетін жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған жеделхатта.
Еске салайық, бұған дейін танымал публицист, саясаттанушы, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында дүниеден озғаны хабарланған еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек