Қасым-Жомарт Тоқаев президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысын Сеул әуежайында премьер-министрдің орынбасары – ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун күтіп алды.



Айта кетейік, 15 қыркүйекте Сеулде жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіліп, қазақ-корей кеңейтілген стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады.
Бұдан бөлек, Президент Кореяның ірі компанияларының жетекшілерімен кездеседі. 16 қыркүйекте Мемлекет басшысы "Орталық Азия – Корея Республикасы" бірінші саммитіне қатысады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова