- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Сеулдегі жағдайға...
Тоқаев Сеулдегі жағдайға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Юн Сок Ëльге Сеулде болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адам қаза табуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сеул қаласының Итэвон ауданында көптеген адамның қаза тапқаны жөніндегі суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Ал жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай ауыр сәтте еліміздің азаматтары және өзім Корея халқының орны толмас қайғысын бөлісіп, олармен бірге екенімізді айтқым келеді", - делінген жеделхатта.
Айта кетейік, сенбіде түстен кейін 100 000-ға жуық адам Хэллоуиннің алғашқы демалысын атап өту үшін ойын-сауық ауданында болған. Осылайша, қысым салдарынан 50 адамның жүрегі тоқтап қалған. Кейін қаза болғандар саны артқаны белгілі болды.
Еске салайық, бұған дейін Сеулде Хэллоуинді тойлау кезінде 151 адам қайтыс болып, 82 адам жараланғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, СІМ өкілі Сеулде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоғын мәлімдеген еді. Алайда кейінірек қаза болғандар арасында қазақстандық та бар екені белгілі болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова