- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Сенат депутаты...
Тоқаев Сенат депутаты Лукиннің өкілеттігін тоқтатты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев депутат Андрей Лукиннің өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Андрей Иванович Лукиннің өкілеттігі тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Андрей Лукин еңбек жолын 1982 жылы Целиноград облыстық атқару комитетінің өрт сөндіру бөлімінде өртсөндіруші болып бастап, бір жыл қызмет етті.
Ол 1985-1998 жылдары Ішкі істер министрлігінде қызмет етіп, Совет аудандық ішкі істер бөлімінің жедел уәкілі болды, кейін Ақмола Шығыс ішкі істер басқармасының бастығы дәрежесіне дейін көтерілді.
1998 жылдан 2003 жылға дейін Андрей Лукин Астана тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры қызметін атқарды, кейін Индустрия және сауда министрлігінің құқықтық жұмыс департаментін басқарды, кейін екі жыл ҚР Индустрия және сауда вице-министрі қызметін атқарды.
Ол 2005-2014 жылдар аралығында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде бірінші орынбасары, кейін төрағаның бірінші орынбасары қызметін атқарған.
2014 жылдың аяғында ол Астана әкімінің орынбасары қызметін атқара бастады. Ол салық және бюджет саясаты, экономиканың нақты секторын дамыту, азаматтарды әскери қызметке шақыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс, тұрғын үй қатынастары саласындағы мәселелерге жауапты болды.
2017 жылғы тамыздан 2019 жылғы сәуірге дейін Бас прокурордың орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылғы тамызынан бастап Сенат депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде жұмыс істеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек