Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қорын (PIF) басқарушы Ясир Әл-Румайянмен кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына әлемдегі ең ірі дербес әл-ауқат қорының бірі – Сауд Арабиясының мемлекеттік инвестициялық қорының қызметі жөнінде ақпарат берілді. Қор басшысы Ясир Әл-Румайян экономиканың әртүрлі салаларында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әртүрлі салалар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асыруға ниетті екенін атап өтіп, өзара ортақ мүддені көздейтін жобаларды жүзеге асыру үшін Саудия Арабиясы инвестициялық қоры мен "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҰБХ "Бәйтерек" компаниялары арасындағы тығыз ықпалдастықты жолға қоюды ұсынды.
Қор Саудияның басқа да компаниялары сияқты мұнай-химия өнеркәсібіндегі, жасыл энергетиканы дамыту саласындағы, металлургия және тау-кен секторларындағы, сондай-ақ ауыл шаруашылығын терең өңдеу жөніндегі ірі инвестициялық жобаларға қатысуға шақырылды.