Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шағын құрамдағы кездесуге Қазақстан Президентімен қатар, Ресей Федерациясының президенті – ЖЕЭК төрағасы Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты.
Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың негізгі міндеттері мен басты бағыттарын, сондай-ақ Ұйымның 2024 жылға арналған халықаралық ынтымақтастық жоспарын талқылады. Сонымен қатар жиынға қатысушылар ЕАЭО қызметінің жекелеген аспектілері жөнінде пікір алмасты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!