Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта Еуропалық Кеңес президентімен кездеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта Еуропалық Кеңес президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенмен кездесу өткізеді", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммиті мен "Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия" халықаралық конференциясына қатысу үшін Самарқанд қаласына барғаны хабарланды.
Мемлекет басшысын әуежайда Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов қарсы алды.
Самарқандта Қазақстан Президенті "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммитінің отырысына қатысып, бірқатар кездесу өткізеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова