Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммиті мен "Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия" халықаралық конференциясына қатысу үшін Самарқанд қаласына барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысын әуежайда Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов қарсы алды.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен баратыны хабарланды.
Самарқандта Қазақстан Президенті "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммитінің отырысына қатысып, бірқатар кездесу өткізеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова