- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Салық кодексіне...
Тоқаев Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды
Фото:
akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек