Тоқаев “Русская медная компания“ кәсіпорнының негізін қалаушымен кездесті

Мемлекет басшысы "Русская медная компания" кәсіпорнының негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кездесуде Қазақстанның тау-кен, металлургия салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның еліміздегі өндірістік қызметі, өңдеу қуатын арттыру және холдингтің өнеркәсіп нысандары орналасқан аймақтардағы әлеуметтік міндеттерді шешу жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз