- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Рудныйда құбыр...
Тоқаев Рудныйда құбыр жарылуына байланысты арнайы келгенін айтты
Фото:
Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қала тұрғындарымен кездесуі барысында азаматтардың өміріне қауіп төндіруге болмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Құбыр жарылғаны туралы хабарды тексеру үшін арнайы келдім. Жаңа ғана Үкіметке, облыс пен қала әкімдеріне осы мәселемен айналысуды тапсырдым", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Үкіметке Рудныйдың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырғанын айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова