Тоқаев Руандамен берік серіктестікті дамытуға ерекше мән беретінін айтты

Дүниежүзілік климат саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Руанда Президенті Поль Кагамемен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тараптар саяси және сауда-экономика салаларындағы екіжақты қарым-қатынастың даму перспективасын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады.

Мемлекет басшысы Руандамен берік әрі өзара тиімді серіктестікті дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті.

Өз кезегінде Президент Поль Кагаме еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы жетістіктерін жоғары бағалап, Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагамені Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!