Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық бюджет туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Еске салайық, бұған дейін Парламент үш жылдық бюджетті бекітті.
Айта кетейік, айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мына жағдайларда қолданылады: жәрдемақы, зейнетақы және әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу; салық және басқа да міндетті төлемді есептеу; айыппұл мен басқа санкциялардың мөлшерін анықтау. Жыл сайын АЕК мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері өзгерген соң айыппұл көлемі де өзгереді. Мәселен жылдамдықты сағатына 10-20 шақырымға арттырғаны үшін айыппұл 5 АЕК немесе 21 625 теңге болады. Сағатына 20-40 шақырымнан асып кеткені үшін 10 АЕК, бұл дегеніміз - 43 250 теңге. Сағатына 40 шақырымнан асқаны үшін 20 АЕК, яғни 86 500 теңге төлеуге тура келеді. Бір жыл ішінде қайталанса, 30 АЕК, 129 750 теңге төлеуі қажет.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз