Тоқаев Республика күніне арналған мерекелік концертті тамашалады

Мемлекет басшысы Республика күніне арналған мерекелік концертті тамашалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған "Қастерлі Отан - Қазақстан" атты мерекелік концертке барды.

 "Астана Опера" театрында өткен салтанатты кеште елімізге танымал мәдениет қайраткерлері мен түрлі шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!