- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Ресейге ресми...
Тоқаев Ресейге ресми сапармен барады
Фото:
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қарашада Ресей Федерациясына ресми сапармен барады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ, екі ел басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова