Тоқаев Ресейге барады

Тоқаев Ресейге барады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді.

Сондай-ақ, Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады.

Сапар аясында екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget