Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Бородавкинді қабылдады

Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Бородавкинді қабылдады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастық барлық бағытта дамып, саяси диалог бұрын-соңды болмаған қарқынды сипат алғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті жуырда Ресей Федерациясына жасаған мемлекеттік сапары және Владимир Путинмен жүргізген келіссөздер табысты өткеніне баса назар аударып, оның нәтижесі жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынастарға айтарлықтай серпін бергеніне тоқталды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget