- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Ресей туралы:...
Тоқаев Ресей туралы: Достық сабақтастығы сақталады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы достықтың, одақтастықтың сабақтастығы толық көлемде сақталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Массагет".
"Сыртқы істер министрінің орынбасары болған кезімде осы өте маңызды келісімді дайындаумен айналыстым. Ресейлік әріптестерімізбен бірге отырып, келісім мәтінін сөзбе-сөз жаздық. Ол біздің мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты дамытуға тиісті серпін беру, сондай-ақ көпқырлы ынтымақтастық тұрғысынан алғанда зор маңызға ие болды. Содан кейін бұл келісім елдеріміз арасындағы одақтастық қатынастар туралы тағы бір келісіммен алмастырылды. Оған 2013 жылы Екатеринбургте қол қойылды. 1992 жылғы бірінші шартқа қайта орала отырып, оның тарихи маңызын атап өткім келеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында.
Президент Қазақстан мен Ресей арасындағы достық қарым-қатынастарды сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға ниетті екенін айтты.
G. Dosymshalova"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, елдеріміз арасындағы достықтың, одақтастықтың сабақтастығы, дәл осы сабақтастық толық көлемде сақталатынын атап өткім келеді. Қалай болғанда да, Мемлекет басшысы ретінде елдеріміз арасындағы шынайы достық қарым-қатынасты сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Әрине, әлемдегі жағдай қиын. Ол үнемі өзгеріп отырады. Қазір болып жатқан жағдайды 30 жыл бұрын елестету мүмкін емес еді. Бірақ әлем бір орында тұрмайды. Менің ойымша, елдеріміз арасындағы достық бізді ажыратпайды, керісінше әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасы біріктіреді. Бұл достық тұрақты, яғни мәңгілік сипатқа ие болуы керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.