- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- саясат
Тоқаев Путиннің шақыруын қабыл алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысуға шақыруын қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесу өткізді.
"Мемлекет басшысы Ресей Президентінің Мәскеудегі Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға шақыруын қабыл алғанын айтты", - делінген хабарламада.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Михаил Мишустин Қасым-Жомарт Тоқаевқа екі елдің үкіметтік делегациялары арасында жүргізілген келіссөздердің нәтижесі туралы ақпарат беріп, күн тәртібінің барлық спектрі бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың өзара тиімді ықпалдастықты одан әрі нығайтуға қызмет ететініне тоқталды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова