Мемлекет басшысы Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақорданың хабарлауынша, кездесу барысында Қазақстан Президенті мемлекетаралық байланыстардың барлық бағыты бойынша екі ел арасында тұрақты диалог қалыптасқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Ресей Президенті Владимир Путиннің жуырда Астанаға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтар тату көршілік қатынастарды жан-жақты нығайтуға бағытталған өзара ұмтылысты тағы да растады.
Сонымен қатар кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелері және даму перспективалары қарастырылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!