Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Қазақстан Президенті Ресейдің өркендеуі және халқының игілігі жолындағы Владимир Путиннің айрықша рөлі мен табанды еңбегін атап өтті.
Мемлекет басшысы Ресей президенті екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанына тоқталды.
Сондай-ақ, тараптар алдағы бірлескен іс-шаралар кестесін қарастырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова