Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті Ресей көшбасшысын Мемлекеттік Дума сайлауы табысты өтуімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беру үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, Ресей Парламентінің жаңа құрамы ел мен азаматтардың игілігі жолында жемісті қызмет атқаруына тілектестік білдірді.

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ, алдағы бірлескен іс-шаралар мен жоғары деңгейдегі байланыстар кестесін талқылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget