Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентінің биыл мамырда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ықпалдастықтың барлық бағытына айтарлықтай серпін бергенін атап өтті.
Екі ел үкіметтері осы келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асырып жатыр. Әңгімелесу барысында шілде айының соңында Омбы қаласында ұйымдастырылатын ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Президенттер жұмыс барысында тұрақты байланыста болуға келісті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!