Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.
Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарашада Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындықтың кейбір аспектілері қарастырылды.
Еске салайық, 7 қазанда да Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!