Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өткен айда біз екі ел үшін атаулы күнді - дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өттік. Осы уақыт ішінде біздің мемлекеттер достық пен тату көршіліктің берік байланыстарына негізделген өзара тиімді стратегиялық әріптестік құра алды. Екі ел арасында сенімді, сындарлы диалог орнатылып, ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілді", - деді Тоқаев Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық Форумының пленарлық отырысында.
Сонымен қатар, Тоқаев Ресейде іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
"Форум тақырыбының өзі халықаралық сауда дағдарысы мен геосаяси белгісіздік жағдайында ерекше маңызға ие. Расында да, барлық шектеуді алып тастау және саудада өзара тиімді жағдайлар жасау, әрине, біздің елдеріміздің сапалы экономикалық өсуінің кілті болып саналады. Сондықтан біздің бүгінгі кездесуіміз ерекше маңызға ие", - деді Президент.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!