Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Б.Н.Ельцин атындағы президенттік кітапханаға барды.
Мемлекет басшысын Ресей президенті Владимир Путин қарсы алды.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барғанын жазған едік.
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың басты міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылауды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне де қатысады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!