Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Катар экономикалық форумының панельдік сессиясы барысында Ресей президенті Владимир Путин әлі де Қазақстанның сенімді одақтасы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Иә, ол (Владимир Путин. - Еск.) - Қазақстанның сенімді одақтасы. Мен өз елімнің Президенті ретінде Путинмен тығыз қарым - қатынаста болғаныма өте қуаныштымын", - деп жауап берді Мемлекет басшысы Bloomberg Television жүргізушісі Манус Крэннидің сұрағына.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы өзінің жеке әңгімесінде Қазақстанның Донецк пен Луганск мәселесі бойынша ұстанымы туралы айтқан сөзіне ешқандай реакция білдірмегенін мәлімдеді.