Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айдын Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының өкімімен оның орнына Рақымжан Ерназар Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Құлсейітов пен Ерназар туралы не белгілі?
Айдын Құлсейітов 1976 жылы 9 шілдеде Өскемен қаласында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Бұған дейін министрліктерде, ұлттық агенттіктерде, Президент әкімшілігінде жауапты қызметтер атқарған.
Ал Рақымжан Ерназар бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі болған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова