Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға мемлекеттік сапары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы БортN1 Telegram-каналы жазды.
Іскерлік бағыттағы бірқатар кездесуден соң Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның келіссөзі бейресми жағдайда жалғасты.
Екі елдің басшылары "Дехкада" резиденциясында таза ауада шай ішіп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективасын талқылады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!