- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев пен Рахмон...
Тоқаев пен Рахмон Тәжікстанның халық шығармашылығы көрмесін аралады
Фото:
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Тәжікстанның халық шығармашылығы көрмесін аралап көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Экспозицияға тастан, ағаштан, қыштан және бағалы металдардан жасалған 200-ден астам қолөнер бұйымы қойылған.
Сондай-ақ, дәстүрлі өрнектермен нақышталған ұлттық киімдер, белгілі тәжік суретшілерінің картиналары және Тәжікстанның көрікті жерлерінің фотосуреттері қойылған.
Еске салайық, бұған дейін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келгені, Қазақстан мен Тәжікстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізгені хабарланған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек