Тоқаев пен Рахмон келіссөздің қорытындысы бойынша қандай құжаттарға қол қойды?

Тоқаев пен Рахмон келіссөздің қорытындысы бойынша қандай құжаттарға қол қойды?
Фото: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартқа салтанатты түрде қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президентінің Тәжікстанға мемлекеттік сапары аясында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен Тәжікстан Республикасының Орталық сайлау және референдум жөніндегі комиссиясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрлігі арасындағы өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Энергетика және су ресурстары министрлігі арасындағы мұнай-газ саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы ауыл шаруашылығын инновациялық және цифрлық дамыту, кадрларды даярлау және қайта даярлау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы Инновациялар және цифрлық технологиялар агенттігі арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум;

6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Телевизия және радио комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

7. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Сәулет және құрылыс комитеті арасындағы құрылыс секторында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;

8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Азық-түлік қауіпсіздігі комитеті арасындағы ветеринария саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

9. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жастар ісі және спорт комитеті арасындағы дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастықтың 2025-2027 жылдарға арналған бағдарламасы;

10. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Стандарттау, метрология, сертификаттау және сауда инспекциясы агенттігі арасындағы стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

11. Қазақстан Республикасы Алматы облысы әкімдігі мен Тәжікстан Республикасы Хатлон облысы мемлекеттік биліктің атқарушы органы арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және мәдени ынтымақтастық туралы меморандум;

12. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Атқару қызметі арасындағы сот актілері мен басқа органдардың актілерін орындау бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;

13. "Қазақстан темір жолы" ҰК" акционерлік қоғамы мен "Рохи охани Точикистон" мемлекеттік унитарлық кәсіпорны арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

14. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы мен "Тәжік сирек металдары" мемлекеттік унитарлық кәсіпорны арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

15. "Ассамблея жастары" республикалық қоғамдық бірлестігі мен "Тәжікстан жастар одағы" қоғамдық ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан