Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровтың қол алысу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 21 шілдеде өтетін IV Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Ата қаласына (Қырғызстан) барған болатын.
Жиында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан көшбасшылары әлемдегі қазіргі геосаяси және экономикалық ахуалға байланысты өңірлік интеграцияның перспективаларын қарастырады.
Айта кетейік, саммит қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қойылады деп жоспарланған.