- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев пен Ердоған...
Тоқаев пен Ердоған кездесуде не талқылады?
Бүгін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ердоғанды Тоқаев әуежайдан күтіп алды. Артынша "Ақорда" резиденциясында Түркия президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Түркияның әнұрандары орындалды.
Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі.
"Инвестициялық ынтымақтастық қарқынды дамып жатқанын атап өттік. Енді алдымызда тұрған мақсатымыз сауда айналымын 10 миллиард долларға дейін жеткізу. Соңғы 15 жылда Қазақстанға 4,35 миллиард доллар инвестиция құйды. Ал біздің еліміз Түркияға 1,13 миллиард доллар қаржы салды. Түркия Қазақстанның ең ірі он инвесторының қатарында тұр. Жалпы, екіжақты сауда саттық әлеуетін арттыру жолында транзиттік арсенал бағыттары маңызды роль атқарады. Біз тасымал шығынын азайтып, жеткізу мерзімін қысқарту үшін транскаспий дәлізін дамытуға шақырамыз. Бұл мәселе бойына біз пікір алмастық. Көзқарасымыз бірдей.
Биыл маусым айында үшжақты форматтағы кездесу өтті. Біз бұл дәстүрді жалғастыруға ниеттіміз. Келесі басқосуды ақпанда өткізуді ұсынамыз. Бүгінде Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери техника, денсаулық сақтау, фармацевтика, жоғары білім және цифрландыру саласында басымдық берген жобалар бар. Дегенмен екі елдің осы бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту әлеуеті зор", - деді Президент Тоқаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина