Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен танымал әнші Димаш Құдайберген әлемнің ең ықпалды 500 мұсылманы тізіміне енді, - деп хабарлайды ktk.kz.
"Димаш Құдайбергеннің есімі алғаш рет "The Muslim 500" шығарылымына енді. 2009 жылдан бастап жыл сайын The Muslim 500 тізімі жарияланады, онда әлемдегі ең көрнекті мұсылмандары қатысады", - делінген Instagram-дағы DimashNews парақшасында.
"The Muslim 500" басылымы жылына бір рет мұсылман әлеміне айтарлықтай ықпалы бар мәдениет, идеология, қаржы, саясат және басқа да билік саласындағы ең ықпалды 500 адамды анықтап отырады.
Сонымен қатар, үздік 50-лікке Марокко королі Мұхаммед VI, Пәкістан премьер-министрі Имран Хан, Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман, ағылшындық "Ливерпуль" клубының мысырлық футболшысы Мұхамед Салах пен "Талибан" қозғалысының жетекшісі Ахунзада кірген.
Тоқаев пен Құдайбергенов рейтингке алғаш рет қосылған, алайда үздік 50-дің қатарына кірмейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!