Тоқаев пен Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Тоқаев пен Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы түркі тілдес елдерге ортақ ең көрнекті рухани және тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды.

Мәртебелі меймандар әйгілі ойшылдың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. Сондай-ақ, кесенеде жүргізіліп жатқан реставрациялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты.

Еске салайық, бұған дейін Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келгені хабарланды.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бейресми кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар нысанды бірге аралап көреді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget