Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі педагогика саласы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жаңа дәуірде мектептің жағдайы мемлекеттің дамуына тікелей ықпал етеді. Ал мектептің қандай болмағы ұстазға байланысты. Бүгінде педагогика саласы ғылымның ең маңызды тармағының біріне айналды. Сондықтан, бұл салаға түбегейлі жаңа көзқарас қажет.
Заманауи технологияның көмегімен білім беру жүйесін жедел әрі тиімді жаңғыртуға болады. Біз білім саласын ең үздік халықаралық стандарттарға сай дамытуымыз керек", - деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, бүгін білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай елордада республикалық педагогтер съезі өтіп жатыр. Мұндай шара 2005 жылдан бері өткізілмеген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз