Тоқаев Парламент сайлауы қашан өтетінін айтты

Тоқаев Парламент сайлауы қашан өтетінін айтты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы референдумға белсене қатысқан жастармен әңгімелесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазмедиа" орталығында республикалық референдум аясындағы үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан жастармен кездесті. 

"Шын мәнінде, бұл күн ел өмірінде мәңгі сақталады. Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді. Бұл – еліміздің басты құжаты. Басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата заңдардың қатарында тұрады деп сеніммен айта аламын", – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Президент жаңа Конституция ең алдымен жастарға арналғанына назар аударды. Ата заңға волонтерлік қызмет, ғылым, инновация, жасанды интеллект сияқты ұғымдар енгізілгеніне тоқталды.

"Ауқымды үгіт-насихат науқаны жүргізілді. Алдымызда жұмыс көп. Енді жазда Парламент сайлауы өтеді. Оны бір ел болып атқаруымыз керек. Бұл жастардың Парламенті болуы қажет деп ойлаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget