Тоқаев палестиналықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Тоқаев палестиналықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббас пен оның отандастарын Палестина мемлекетінің төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
 
Президент жеделхатында Қазақстан Палестинаны араб әлеміндегі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын әрі аталған елді нығайтуға және жарқын болашаққа негіз болатын халықаралық бастамаларға әрдайым қолдау көрсететінін жазған.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббастың жауапты қызметіне толағай табыс, ал Палестина халқына бақ-береке тіледі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget