Президент 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Шахбаз Шарифпен және президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысу жоспарланған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова