Тоқаев Пәкістан премьер-министріне көңіл айтты

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне көңіл айтты
Фото: shutterstock

Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда су тасқыны мен нөсер жауынның салдарынан көптеген адамның қаза тауып, зардап шегуіне байланысты көңіл айтты.

"Қаза болған адамдардың отбасыларына көңіл айтып, қайғысына ортақтасамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", – деп жазылған жеделхатта.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget