- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Пәкістан премьер-министрімен...
Тоқаев Пәкістан премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Пәкістан тарапының бастамасы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф телефон арқылы сөйлесті.
Тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Сондай-ақ, екі ел арасындағы өзара сауда-саттықтың қарқынды дамып келе жатқаны және түрлі саладағы ынтымақтастықтың кеңейе түскені атап өтілді. Тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделі екенін тағы да растады.
Әңгімелесу соңында премьер-министр Шахбаз Шариф Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Пәкістанға өзіне ыңғайлы кез келген уақытта ресми сапармен келуге шақырды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан