Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысын Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.
Екі күндік сапар аясында Өзбекстан Президентімен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізу, бірқатар келісімге қол қою жоспарланған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!