- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев өткір мәселелерді...
Тоқаев өткір мәселелерді саясаттың құралына айналдырмауға шақырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық тұрғыдан өткір мәселелерді саясиландыру кесірінен кейбір елдер қасіретті жағдайға ұшырағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ - мемлекеттік тіл. Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады. Қазақ тілінің қолданыс аясын арттыра беру - мемлекеттің міндеті. Бұл жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент жастар көп тіл білген сайын білікті маман болатынын айтты.
"Жақында "Өз тілің - бірлік үшін, өзге тілдер - тірлік үшін" дедім. Жастарымыз көп тіл білген сайын бәсекеге қабілетті, білікті маман болады. Тіл, ұлтаралық қатынас - ішкі тұрақтылыққа ықпал ететін өзара тығыз әрі маңызды факторлар", - деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев маңызды мәселелерді саясаттың құралына айналдыруға болмайтынын мәлімдеді.
"Сондықтан мұндай маңызды мәселелерден саяси құрал жасауға болмайды. Осындай қоғамдық тұрғыдан өткір мәселелерді саясиландырудың кесірінен кейбір елдер қасіретті жағдайға ұшырады. Бұл біздің жол емес", - деді Президент.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова