Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойып, қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Содан кейін Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев гүл қою рәсіміне жиналған жұртшылықпен жүздесіп, ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз